МЕКТЕП ТАРИХЫ » Мукуми атындағы №105 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Муқуми атындағы №105 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(7223) 43-71-30
Учительская:
+7(7223) 43-71-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қазан
2022

МЕКТЕП ТАРИХЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының Мукуми атындағы №105 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы

         Білім қоғам өмірінде қай заманда да маңызды роль атқарған. «Білімді мыңды жығар» деген бабаларымыз асылын ардақтап, данышпандарын бағалай білді.  Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамымыздың сынақтары да аз емес. Жаһандану үрдісі жалпақ әлемге қанат жайып келеді. Ақпараттық технологиялар тез дамып, өміріміздің өзегіне айналуда. 

   XXI ғасыр- білім мен ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің Мәнгілік Ел идеясын жүзеге асыруда қабілетті де, ізденімпаз жастарды даярлау қашанда еліміз үшін абырой! Осындай абыройлы жүкті арқалап, өмір көшінде алып жүру мектебіміз үшін қашанда құрмет,қапыда кетпес еңбек.

Мектеп- қашан да ақыл мен ойдың,парасат пен пайымдың ордасы.                   

    Мектеп 1944 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылған. 1955 жылы 

7 жылдық мектепке айналдырылып, оған Сталин атындағы  мектеп атауы   берілген. 

Мектеп ғимараты сегіз жылдық мектеп ретінде 1960 жылы асар    жолымен  құрылған. 1963 жылы атақты өзбек ақыны Муқими  атауы берілген. Мухаммад Аминқөжа Муқими 1850 жылда Коканд қаласында дүниеге келген. Муқими Өзбек әдебиетіндегі сатира мен әзіл жанрын бірінші болып қалаған жазушы. Мектеп 1983 жылы 10 жылдық  орта  мектепке айналдырылған. Осы уақыттарда мектеп Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты болған. Мектепте 1955-1962 жылдар Давлетов Анармат,   Сайдазимов Абдазим, 1963-1968 Эргешов Ирисмат,

1969 -1982Эргешов Ходимат,

1983-1990 жылдар Арзикулов Анармат,

1990-1998 жылдар Сабиров Нуриддин Бахрамович,

1998-2004 жылдар Арзикулов Анармат,

2005-2021жылдар Мирзахмедов Бахадир Толаматович директорлық қызметін атқарған.

2022 жыл 25 наурыз айынан бастап  мектепте Даулетбаева Индира Меиржановна  директорлық қызметін атқарады.  

 2010 жылы мектепке қосымша 2 қабатты ғимарат 8 кабинет тапсырылды. 2014 жыл мектеп орналасқан Бадам 1 елді мекені Шымкент қаласына өтуіне байланысты, ақпан айында мектеп Шымкент қаласының  білім бөліміне ауысты. 2015 жылы қаңтар айында  жаңа 300 орындық мектеп ғымараты салтанатты түрде ашылып, оқытуға пайдалануға берілді. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепте қазақ сыныптар ашылды. Қәзіргі уақытта мектеп екі тілде, қазақ және өзбек тілдерінде   оқытылады. Мектепте 956 оқушы 2 кезеңде оқытылады. Оқу кабинеттер саны 30, сыныптар саны 46. Мұғалімдер саны 96 және барлығы жоғары білімді.                     

Похожие публикации:

20 қыркүйек 2022 Директор блогы
19 қазан 2019 Жалпы ережелер